KZ
KZ RU
18 сәуір 2011 13:38

Лория мерейтойлық матчын өткізді

18 сәуір 2011 13:38

Давид Лория ең алғашқы ойынын 1997 жылдың 2 қыркүйегінде 15 жасында шортандылық «автомобилистердің» атынан семейлік «Елімайға» қарсы матчта бастаған болатын. Сол ойында «Автомобилистер» 2:4 жеңілген болатын. Ал сол доптың бірін Самат Смақов соққан еді.
 Давид Лория мынадай командаларда ойын көрсетті: «Автомобилист» , Шортанды 1/-4/, «Есіл», Көкшетау 7/-5/, «Астана», Астана 81/-63/, «Шахтер», Қарағанды 110/-91/, «Локомотив», Астана 12/-11/, «Ертіс», Павлодар 38/-39/. Жиыны 250 матчтың 214-ін өткізді. Давид Лория Қазақстан 3 дүркін чемпионы, 2006 жылғы Қазақстанның үздік футболисті.
«Атырауға» қарсы 7-ші турда Лория Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы өмірінде 252 ойын өткізген Юрий Итуштинға жақындай түсті. Қызқтысы Ишутин қазыргі уақытта Лория қорғап жүрген «Ертіс» қақпашыларының жаттықтырушысы. Атап өте кететін бір жайт, Лория биылға жылдан бастап Қазақстан Құрамасының қақпашысы болғандықтан өткізілген ойынның нәтижесіне сай алғашқы үштікке енуіне толықтай мүмкіндігі бар. Ол үшін 21 рет алаңға шығып, «Қайраттың» қақпашысы Данил Рихардтан 8 ойын асып түсуі керек.

1. Олег Воскобойников — 338 матчей
2. Юрий Новиков — 291
3.Андрей Ненашев — 270
4. Даниил Рихард — 255+7 в поле
5. Юрий Ишутин — 252
6. Давид Лория — 250

Статистиканы жеткізген Думан Балыкбаев