KZ
KZ RU
15 наурыз 2012 11:52

Лория үздік бестіктің қатарына енді

15 наурыз 2012 11:52

Сонымен, Давид Лорияның еншісінде 253 матч бар. Бұл тұрғыда ол "Ертістің" бұрынғы қақпашысы Юрий Ишутинді (252 ойын) басып озды. Айтпақшы, бүгінде Ишутин керекулік командада қақпашыларды жаттықтырады.

Лория Қазақстан чемпионатында тұңғыш рет 1997 жылы 16 жасында алаңға шыққан. Ол кезде Шортандының "Автомобилист" командасының сапында ойнайтын. Содан бері "Жеңіс", "Есіл", "Шахтер", "Хальмстад" (Швеция), "Спартак-Нальчик" (Ресей), "Локомотив" және "Ертіс" клубтарының қақпасын күзетіп үлгеріпті. Елордалық клубтың сапында үш мәрте ел чемпиондығын жеңіп алған. 2006 жылы еліміздің үздік ойыншысы атанды.

Дегенмен, ұлттық құрама сапында өткізген ойындарының саны жөнінен Лория қақпашылар арасында көш бастап келеді. Оның еншісінде 38 матч бар екен.
 

Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген бес қақпашы:
1. Воскобойников Олег — 338
2. Новиков Юрий — 291
3. Рихард Даниил — 279 (оның жетеуі алаңдағы ойыншы ретінде)
4. Ненашев Андрей — 270
5. Лория Давид — 253.



Автор: Қайсар Ғабитов
sports.kz