KZ
KZ RU
11 маусым 2019 22:16

Ұлттық құраманың ірі жеңісі

11 маусым 2019 22:16

Қазақстан Ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі кезекті ойынын Са-Мариномен өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы алғашқы минуттан бастап, Сан-Марино қорғанысын үзілістің алдында бұзды. Керемет комбинацияны түйіндеген Исламбек Қуат болатын.

Екінші таймда да Михал Билек командасы толық басымдық орнатты. Максим Федин, Ғафуржан Сүйімбаев және Бауыржан Исламхан соққан голдардан кейін Қазақстан құрамасы ірі жеңісті тойлады.

Қазақстан – Сан-Марино 4:0 (1:0)
Голдар
: Қуат 45+1, Федин 62, Сүйімбаев 65, Исламхан 79
Қазақстан: Непогодов, Малый, Ерланов, Қуат (Перцух 84), Тағыберген, Исламхан (к), Вороговский, Тұрысбек (Жаңғылышбай 69), Сүйімбаев, Айымбетов (Федин 58), Шомко.
11 маусым. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена».