KZ
KZ RU
21 қазан 2017 03:40

Мәреге үш қадам қалғанда

21 қазан 2017 03:40
21 қыркүйек
«Қайрат» – «Ақжайық»
Өтетін орны: Алматы, «Орталық» стадион, 15:00
Ауа райы: +16, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ
 
Алматылықтар екі трофейге қол жеткізді, бірақ олардың мақсаты - барлығын ұту. "Қайрат" "алтынды" алуға мүмкіндігі әлі де бар, бірақ ол үшін Карлос Алос Феррердің командасы ұпай жоғалтпауы тиіс. Сонымен қатар, көп жағдай "Астанаға" байланысты болады.
 
"Ақжайықтың" жағдайы түсінікті - оларға лигадан ұшу аймағынан кету үшін әр ойында жеңу қажет. Екі командаға да ұпайлар ауадай қажет, сол себепті бұл кездесу қызық болмақ.
 

«Ертіс» – «Ақтөбе»
Өтетін орныПавлодар, «Орталық» стадион, 15:00
Ауа райы: +9, бұлтты, жаңбыр
Трансляция: ҚКФЛ ТВ

Бұл ойында бәрі түсінікті. Чемпионаттың соңғы ойындарында жеңу қажет, әр команда да өзінің себептері бар. "Ертіс" келесі маусымда еурокубоктарда өнер көрсетуге тырысуда, ол үшін павлодарлықтарға чемпионатты төртінші орында аяқтау қажет.
 
Ал "ақ-қызылдарға" Премьер-Лигадағы орындарын сақтап қалу қажет, алайда турнирлік кестенің төменгі бөлігінде шайқас әлі жалғасуда - командалар бір-біріне тығыз орналасқан. Әрбір қате командалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Павлодарда "Ақтөбе" бұл қателіктерге жол бермеуге тырысатыны айданда анық.
 

 «Тараз» – «Шахтер»
Өтетін орны: Тараз, «Орталық» стадион, 16:00
Ауа райы: +21, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ
 
Жақында шешілген ұпайлар "Таразды" тығырыққа тіреді. Ваит Талғаевқа керекті ұпайларды жинап, кестедегі жағдайларын жақсарту үшін, команданы кризистен шығару қажет.  
 
"Шахтерде" де кестедегі жағдайларын жақсарту мүмкіндіктері бар. Қарағандылықтар төртінші орынға қол жеткізуі ықтимал, бірақ бұл мақсатты орындау қиынға соғады.