KZ
KZ RU
12 қазан 2017 12:19

Мақпал Исабекова Қазақстан Кубогы финалының көрермендеріне ән шырқайды

12 қазан 2017 12:19
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Ақтөбеде өтетін Қазақстан Кубогы финалының қонағы танымал эстрада әртісі Мақпал Исабекова болатынын хабарлайды.
 
"Қайрат"-"Атырау" ойынының үзілісінде әнші Қобыланды Батыр атындағы Орталық стадионға жиналған барлық жанкүйерлерді өзінің өнерімен қуантады.
 
Барлық Ақтөбе тұрғындары және қала қонақтарын демалыс күні тамаша ойын-сауық шаралары мен футболдың куәсі болуға шақырамыз! Ойынға екі сағат қалғанда стадион территориясында фан-аймақ жұмыс жасай бастайды. Бұл жерде әр қалаған жанкүйердің өз футбол шеберлігін көрсетіп, жүлдеге ие болуға мүмкіндігі бар. Финалда кездескенше!