KZ
KZ RU
17 қараша 2022 12:28

Мақсат Байжанов - 2022 жылғы маусымның Бірінші лиганың үздік жартылай қорғаушысы!

17 қараша 2022 12:28

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы бірнеше номинациялар бойынша 2022 жылғы маусымның үздік ойыншыларын анықтау мақсатында Бірінші лиганың бас бапкерлері мен команда капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауаланма қорытындысы бойынша қызылордалық «Қайсардың» көшбасшысы Мақсат Байжанов Бірінші Лиганың үздік жартылай қорғаушысы атанды. 38-жасар ойыншының 34 ұпай жинады. Байжанов біріншіліктің 21 ойынына қатысып, 3 гол соқты, сондай-ақ 4 нәтижелі пас берді. Маусым қорытындысы бойынша Байжанов ойыншылық мансабын аяқталғаны туралы жариялады.  

24 ұпаймен үздіктер тізімінде екінші орынды «Оқжетпестің» тәжірибелі ойыншысы Санат Жұмаханов иеленді. 34-жасар жартылай қорғаушы Бірінші Лиганың 25 ойынында 14 гол соғып, 14 нәтижелі паспен көзге түсті.

Үздік үштікке 17 ұпай жинаған талдықорғандық «Жетісудің» ойыншысы Иван Брикнер кірді. Брикнер «Жетісу» сапында 23 ойын ойнап, 5 гол соқты, сонымен қатар 5 рет әріптестеріне нәтижелі пас жасады.   

Кім кімге дауыс берді: