KZ
KZ RU
08 қазан 2021 11:00

«Мақтаарал» ФК маусым соңына дейін өз алаңындағы ойындарды көрермендерсіз өткізеді

08 қазан 2021 11:00

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен Бірінші лига клубтары арасындағы ҚР Біріншілігі XIX турының «Мақтаарал» - «Окжетпес» ойынының қорытындысы бойынша кездесудің ресми тұлғаларына әдепсіз сөздер айтуына және оларға бөгде заттарды лақтыруына, сонымен қатар жанкүйердің алаңға шығуына байланысты «Мақтаарал» футбол клубына ағымдағы маусымының соңына дейін өз алаңындағы ойындарды көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салынды, деп хабарлайды Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы.