KZ
KZ RU
24 қараша 2015 16:53

Мадияр Райымбек - қосалқы құрам біріншілігінің үздік ойыншысы

24 қараша 2015 16:53

Анкетаның көмегімен қосалқы құрам арасындағы біріншіліктің ең үздік ойыншысы, үздік бапкер және таңбалы құрамы белгілі болды.

Мадияр Райымбек, "Қайрат"

Біріншіліктің ең үздік ойыншысын анықтау үшін, әр бапкерге өз пікірі бойынша үздікті үш ойыншыны атауға ұсыныс жасалды. Аталған бірінші ойыншы үш ұпай алды, екіншісі – екі, үшіншісі – біреу. Ең көп ұпай алған футболшы жеңімпаз болып жарияланды.

Исламбек Күлекенов, "Астана"

12 ұпай жинаған алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Мадияр Райымбек (3 бірінші орын, 1 – екінші орын, 1 – үшінші орын) ең үздік ойыншысы аталды.  Екінші орынға «Астананың» жартылай қорғаушысы Исламбек Күлекенов (8 ұпай; 2-1-0) иеленді. Үшінші орынды «Атырау» ойыншысы Алтынбек Сапаров (8 ұпай; 0-4-0) алды. Ол бірінші орындар саны бойынша Күлекеновты алға жіберді. Барлығы осы пікір сұрауында 26 футболшының есімі аталды.

Алтынбек Сапаров, "Атырау"

20 жасар Мадияр Райымбек осы жылы клуб сапында 19 ойын өткізіп, 7 гол соқты. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы кубогында Райымбек 9 ойында 3 голдың авторы атанды.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жеңімпазды құттықтап, өз мақсатына жетуін тілейді.

Басқа номинациялар жеңімпаздары туралы - келесі мақалаларда.

Премьер-лига клубтарының қосалқы құрам біріншілігінің үздік ойыншысы

Кім кімге дауыс берді:

Клуб

Фамилия, имя

№ 1

№ 2

№ 3

«Астана»

Александр Оголь

Күлекенов («Астана»)

Сапаров («Атырау»)

Балтабаев («Қайрат»)

«Қайрат»

Максим Шевченко

Райымбек («Қайрат»)

Сапаров («Атырау»)

Мұсаев («Қайрат»)

«Ақтөбе»

Валерий Алемаскин

Күлекенов («Астана»)

Сапаров («Атырау»)

Жумагали («Ақтөбе»)

«Ордабасы»

Андрей Ваганов

Тұңғышбаев («Ордабасы»)

Сүлей («Тараз»)

Рудосельский («Қайрат»)

«Атырау»

Тимур Укубаев

Райымбек («Қайрат»)

Сапаров («Атырау»)

Воменко

Ертіс»)

«Ертіс»

Андрей Кучерявых

Воменко

Ертіс»)

Райымбек («Қайрат»)

Касымов («Атырау»)

«Тобол»

Олег Лотов

Бейсембаев («Тобыл»)

Шубаев («Тобыл»)

Каптёл («Тобыл»)

«Оқжетпес»

Сергей Цыпленков

Нұрмұғамет («Қайрат»)

Зябко («Окжетпес»)

Алишаускас («Шахтер»)

«Тараз»

Сергей Пак

Райымбек («Қайрат»)

Құлахметов («Тараз»)

Жомартов («Атырау»)

«Шахтер»

Сергей Дубков

Оміртаев («Шахтер»)

Қалмұратов («Атырау»)

Райымбек («Қайрат»)

«Жетісу»

Ахмет Барзукаев

Отызбаев («Жетісу»)

Эльмурзаев

(«Тобыл»)

Ғабдоллин («Атырау»)

«Қайсар»

Канат Шеримбетов

Мұқанов («Тобыл»)

Күлекенов

(«Астана»)

Жагоров («Атырау»)