KZ
KZ RU
12 сәуір 2023 12:16

Максим Самородов - 2023 жылғы наурыз айынының Қазақстанның үздік футболшысы!

12 сәуір 2023 12:16

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы маусымның наурыз айындағы үздік футболшысын анықтау үшін Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының командаларының бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі сауалнама өткізді.

Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін 3 ұпай, екінші орын үшін 2 ұпай, үшінші орын үшін 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.

Бұл ретте, респонденттердің өз клубынан біреуден артық номинантты таңдауы кезінде дауыстар есептелмеді, бұл Лига Кеңесінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі отырысында бекітілген «Номинациялар туралы ережеге» қайшы келеді.

Сауалнама қорытындысы бойынша наурыз айында «Ақтөбе» командасының шабуылшысы Максим Самородов Қазақстанның үздік ойыншысы атанды. Максим өткен айда үш ойынға қатысып және 4 нәтижелі соққы жасап, ел чемпионатының үздік сұрмергендер тізімін басқарды.

Екінші орында – «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген. Ол наурыз айында шымкенттік клуб сапында 2 гол соғып, 2 нәтижелі паспен көзге түсті. Үздік үштікті алматылық «Қайраттың» футболшысы Артур Шушеначев қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді: