Максим Жалмағамбетов – «Жетісуға» қарсы матчтағы «Астананың» ең үздік ойыншысы
Бірінші орынды астаналық клубтың тәрбиеленушісі Максим Жалмағамбетов иемденді, ол Талдықорғанда өткен матчта 90 минут бойы алаңда өнер көрсетіп, Қайрат Нұрдәулетовпен бірігіп, жетісулықтардың ең басты күші Ұлықбек Бақаевтың жолына тосқауыл қойды.
Екінші орын Драган Богавацтың еншісінде, ол аталмыш матчта үйреншікті орталық шабуылшы позициясында ойнамаса да, «Жетісу» қорғанысына көп қауіп төндіріп, әдемі ойын көрсете алды.
Үшінші орынды Ненад Эрич алды. Сербиялық қақпашы матч бойы сенімді ойын өрнегін танытып, өз қақпасын бірнеше рет қауіпті соққыдан қорғай алған.
Мықтылардың төрттігін «Астананың» капитаны, жарақатынан сауыққан Андрей Карпович түгелдеді. Андрейдің алаңға оралуы серіктестерінің бойына сенімділік дарытып, алаң орталығынан командасына пайдасын тигізді.
Осы рейтингтің бесінші орнында команданың вице-капитаны Нұрбол Жұмасқалиев тұр. Оның ойыны қашандағыдай-ақ қарсыластарына қауіпті болып, соққы позициясындағы серіктестеріне оңтайлы пастарды да шығарып тұрды.
Жетісу – Астана матчының үздік ойыншысы
1. Максим Жалмағамбетов 25.17% (37 дауыс)
2. Драган Богавац 13.61% (20 дауыс)
3. Ненад Эрич 12.24% (18 дауыс)
4. Андрей Карпович 11.56% (17 дауыс)
5. Нұрбол Жұмасқалиев 10.88% (16 дауыс)