30 желтоқсан 2020 11:15
Марат Баймұқанов – 2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік менеджері
30 желтоқсан 2020 11:15
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылауды жалғастыруда.
Чемпионаттың ең үздік менеджерін анықтауға арналған сауалнама тек отандық футбол клубтары жетекшілерінің арасында жүргізілді.
Әр респондент үш үміткерді таңдады. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Сауалнама барлық ұпайды санау арқылы қорытындыланды.
2020 жылғы маусымның «OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік менеджері» номинациясында алматылық «Қайраттың» басшысы Марат Баймұқанов топ жарды. Ол 27 ұпай жинады.
Сауалнама нәтижесі келесідей:
1. Марат Баймұқанов («Қайрат») – 27 ұпай;
2. Ерлан Оразаев («Шахтер») – 10 ұпай;
3. Санжар Сейітқазинов («Каспий») – 8 ұпай;
4. Григорий Лория («Қызыл-Жар») – 6 ұпай;
5. Михаил Гурман («Астана») – 5 ұпай;
6-7. Бақтияр Байсеитов («Ордабасы») – 3 ұпай;
6-7. Николай Панин («Тобыл») – 3 ұпай;
8. Серік Досманбетов («Қайсар») - 2 ұпай;
9-10. Ерлан Бөтембаев («Оқжетпес») – 1 ұпай;
9-10. Серік Мұқанов («Жетісу») – 1 ұпай.
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының клубтарының жетекшілері қандай таңдау жасады:
Басқа жаңалықтар