Марат Шахметов Серік Жейлітбаев атындағы сыйлықтың иегері атанды
2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Серік Жейлітбаев атындағы жүлденің кезекті лауреаты жартылай қорғаушы Марат Шахметов атанды. Шахметов қазақстандық командалар құрамында 350-ден астам ойын өткізді.
Марат ойыншылық мансабын «Алма-Ата» клубында бастады, содан кейін «Астана», «Атырау», «Жетісу», «Ақжайық», «Шахтер», «Каспий» және «Тараз» клубтарында өнер көрсетті. Әр жылдары үш рет Қазақстан Кубогын және Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.
Аталмыш марапатты Шахметовке Қазақстанның ХХ ғасырдағы үздік футболшысы Сейілда Икрамұлы Байшақов табыс етті.
- Мен бұл марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Мен үшін бұл үлкен жетістік. Ең алдымен, әрдайым жанымда жүрген туыстарма және жақындарыма алғыс айтамын. Әрине, барлық бапкерлерге баға жетпес тәжірибие мен ойыншы ретінде қалыптасқаным үшін рақмет айтамын, - деп атап өтті "Тараздың"33 жастағы жартылай қорғаушысы.
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2013 жылы өмірден озған әйгілі футболшы Серік Жейлітбаевты еске алуға арналған жүлдені тағайындады.
Серік Жейлітбаев өзінің мансабы кезінде «Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Шахтер», «Ертіс», «Жетісу», «Восток», сонымен қатар Қазақстанның Олимпиадалық құрамасының сапында өнер көрсетті. Үш рет ел чемпионы атанып, екі рет ҚР Кубогын жеңді.
Жейлітбаевты еске алу сыйлығы Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген ойыншыларға беріледі. Бұған дейін аталмыш жүлденің лауреаттары Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдулин, Мақсат Байжанов және Эдуард Сергиенко сынды отандық шеберлер болған.