KZ
KZ RU
03 желтоқсан 2021 10:02

Марин Томасов — Евстафий Пехлеваниди атындағы жүлденің иегері!

03 желтоқсан 2021 10:02

2021 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы КСРО құрамына шақырылған атақты қазақстандық бомбардир Евстафий Пехлеванидидің есімін беру туралы шешім қабылдады. 

Е.Пехлеваниди атандағы сыйлықтың алғашқы иегері 2021 жылғы ел чемпионатында 17 гол соққан «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасов атанды.

Үздік үштікке «Қайрат» командасының қазақстандың шабуылшысы Артур Шушеначев (12 гол) және маусым барысында «Ақтөбе» мен «Тобыл» командаларының сапында 10 гол соққан Игорь Сергеев кірді.

Назарларыңызға Марин Томасовтың OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатында өткен маусымда соғылған голдар топтамасын ұсынамыз: