Марин Томасов Евстафий Пехлеваниди сыйлығын алды!
2021 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жылдың қорытындысы бойынша үздік сұрмергенге КСРО құрамына шақырылған атақты отандық сұрмерген Евстафий Пехлеванидидің есімін беру туралы шешім қабылдады.
Пехлеванидидің жылдамдығы жоғары және қос аяқтан жойқын соққысы болды, сондықтан да оны ҚазКСР құрамасына шақыру туралы шешім ұзаққа созылмады. 1979 жылдың футбол маусымынан кейін Пехлеваниди 28 голмен команданың үздік сұрмергені атанып, «Қайрат» командасына шақырту алды. Ол «Пеха» деген лақап атымен бүкілодаққа танымал болды.
Пехлеваниди алматылық клуб сапында 100-ге жуық гол соқты, оның 69 КСРО жоғарғы лига аясында. Евстафий Алкивиадович 1986 жылдың 3 қыркүйегінде «Қайрат» сапында киевтік «Динамоға» ойынның 10 секундында нәтижелі соққы жасап, ең жылдам голдың авторы ретінде Одақ чемпионатының рекордын орнатты.
Ол КСРО чемпионатының жоғары дивизионында алматылық клубтың үздік сұрмергені болып табылады. 1984 жылы Пехлеваниди чемпионаттың үздік 33 футболшысының тізіміне енді. Кейін КСРО құрамасына шақырылды.
1989 жылы Евстафий Алкивиадович туған «Металлург» клубына оралып, 2 лига аясында голдарының санын 40 дейін жеткізді. Содан кейін ол Греция чемпионатына ауысып, жергілікті «Левадиакос» сапында үш маусымда өнер көрсетті.
Е. Пехлеванидидің алғашқы жүлдесін 2021 жылғы Қазақстан чемпионатында 17 гол соққан «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов иеленді.