Марин Томасов — Тимур Сегізбаев атындағы сыйлықтың иегері!
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2021 жылғы маусымның үздік ойыншысын анықтау мақсатында лигамен OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатына қатысқан клуб басшылары, бас бапкерлері және команда капитандары арасында сауалнама өткізілді.
Өткен маусымнан бастап ҚКФЛ шешімімен маусымның үздік ойыншысының жүлдесіне атақты қазақстандық ойыншы, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың есімі берілді.
Сауалнамаға қатысқан адамдардың көпшілігі «Астана» ФК көшбасшысы Марина Томасовқа өз дауыстарын берді. Хорват легионері осы маусымда «Астана» үшін барлық турнирлерде 33 ойын өткізіп, 24 гол соқты, сонымен қатар 14 нәтижелі пас берді. Дауыстарды жинақтағаннан кейін Томасов 120 ұпай жинады.
Маусым қорытындысы бойынша Марин Т. Сегізбаев атындағы сыйлықтан басқа тағы бір жүлдеге ие болды: ол аяқталған чемпионаттың үздік сұрмергені ретінде Е. Пехлеваниди атындағы сыйлықтың иегері атанды.
Сауалнамада екінші орынға «Қайрат» командасының шабуылшысы Вагнер Лав орналасты. Тәжірибелі бразилиялық ойыншы 71 ұпай жинады.
Үздік үштікті ел чемпионы атанған, «Тобыл» командасының қақпашысы Александр Мокин қорытындылады. Тәжірибелі қақпашының 59 ұпайы бар.
Кім кімге дауыс берді:
Фото: «Астана» ФК баспасөз қызметі