KZ
KZ RU
14 желтоқсан 2018 11:27

Маркос Пиззелли - 2018 жылғы маусымның ең үздік голының авторы

14 желтоқсан 2018 11:27

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы Қазақстан Чемпионатының ең үздік голының дауыс беру нәтижесін қорытындылады:  

Жанкүйерлер арасында ұйымдастырылған сауалнаманың қорытындысы бойынша «Ақтөбе» шабуылшысы Маркос Пиззеллидің Премьер-лиганың 16-турындағы қарағандылық «Шахтер» қақпасына соққан добы маусымның ең әдемі голы атанды. Сол ойында ақтөбелік команда 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Қос голды да Маркос Пиззелли еншісіне жазған болатын. 

Сауалнама қорытындысы бойынша «Астана» жартылай қорғаушысы Марина Томасов екінші орынды иеленсе, «Қайрат» ойыншысы Исаэль үздік үштіктен көрінді. 

Үздік үштік келесідей:
 
1. Маркос Пиззелли голы (Ақтөбе – Шахтер 2:0) – 2106 дауыс;
2. Марин Томасов голы (Астана – Қайрат 3:2) – 1167 дауыс;
3. Исаэль голы (Атырау - Қайрат 1:3) – 851 дауыс.