KZ
KZ RU
26 қараша 2018 11:46

Маркос Пиззелли – 2018 жылғы Премьер-лиганың ең үздік ойыншысы

26 қараша 2018 11:46

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымды қорытындысын шығара бастады. 

Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншылары анықталады. 

Әр респондент үш үміткерді атайды. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланады. 
 
« 2018 жылғы Премьер-лиганың ең үздік ойыншысы» номинациясында «Ақтөбе» шабуылшысы Маркос Пиззелли айқын жеңіске жетті. Ол 18 голмен Чемпионаттың ең үздік сұрмергені атанды. Армения құрамасының ойыншысы 69 ұпай жинады. 
 
Үздік үштік келесідей:
 
1. Маркос Пиззелли, «Ақтөбе» - 69 ұпай;
2. Марин Томасов, «Астана» - 41 ұпай;
3. Бауыржан Исламхан, «Қайрат» - 24 ұпай.
 
 
Премьер-Лига клубтарының жетекшілері:
 
 
Премьер-Лига клубтарының бас бапкерлері:
 
 
Премьер-Лига клубтарының капитандары: