KZ
KZ RU
07 тамыз 2018 12:17

Маркос Пиззелли голы - шілде айының үздігі

07 тамыз 2018 12:17
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының шілде айының үздік голы авторын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
 
Шілде айының ең үздік добы атағына Маркос Пиззеллидің  «Шахтер» қақпасына соққан жойқын голы, Исаэльдің «Ордабасы» қақапсына соққан керемет голы, Милан Радиннің «Атырау» қақпасына соққан ерекше голы, Бағдат Қайыровтың «Жетісу» қақпасына соққан таңдаулы голы және  Жан-Эда Мористің «Ақжайық» қақпасына соққан голы үміткер болған еді. 
 
Қазақстандық жанкүйерлер «Ақтөбе» футбол клубының шабуылшысы Маркос Пиззеллидің қарағандылық «Шахтер» қақпасына соққан голын үздік деп таныды. Сол ойында футболшы екі гол соққан. Айып алаңынан сыртынан айналдыра тепкен екінші голын қақпашының қайтаруға мұршасы болмады. Дәл осы гол 3272 дауыс жинады.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Маркос Пиззелли голы (Ақтөбе – Шахтер) – 3272 дауыс;
2. Милан Радин голы (Ақтөбе – Атырау) – 606 дауыс;
3. Исаэль голы (Қайрат – Ертіс) – 276 дауыс.
 
Пиззелли голы маусым қорытындысы бойынша үздік голды анықтайтын сауалнамаға қатысады.