05 қазан 2018 15:11
Маркос Пиззелли голы - қыркүйек айының үздігі
05 қазан 2018 15:11
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының қыркүйек айының үздік голы авторын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
Қыркүйек айының үздік голы атағына төрт үміткер болды. Оның үшеуі «Ақтөбе» ойыншылары - Саша Марьянович, Маркос Пиззелли және Абат Айымбетов. Төртіншісі - «Қызыл-Жар СК» капитаны Тимур Мульдинов.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі @pflkaz тобында ұйымдастырылған сауалнаманың қорытындысы бойынша қыркүйек айының ең үздік голы атағын Премьер-лиганың 25-турында «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Маркос Пиззеллидің «Ертіс» қақпасына соққан голы иеленді. Дауыс беруге қатысқандардың 80 пайызына Маркос Пиззеллидің голы ұнаған.
Үздік үштік келесідей:
1. Маркос Пиззелли голы (Ақтөбе - Ертіс) – 2170 дауыс;
2. Саша Марьянович голы (Ақтөбе-Тобыл) – 285 дауыс;
3. Абат Айымбетов голы (Қайрат – Ақтөбе) – 171 дауыс;
4. Тимур Мульдинов голы (Ертіс – Қызыл-Жар СК) – 60 дауыс.
Пиззелли голы маусым қорытындысы бойынша үздік голды анықтайтын сауалнамаға қатысады.
Басқа жаңалықтар