24 тамыз 2022 16:12
Масудов Фанас Салимов туралы: «Ол керемет ойыншы және тамаша адам болды»
24 тамыз 2022 16:12
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XVII туры отандық футболдың беделді ардагері Фанас Салимовты еске алуға арналады. 27 тамызда Салимовтың дүниеден өткеніне бір жыл толады.
ҚКФЛ баспасөз қызметі Вахид Масудовпен байланысқа шығып, Салимовтыңойыншылық мансабы туралы әңгімелесті.
Вахид Юнусович Фанас Нагимовичпен «Қайрат» сапында бірге ойнады:
- Фанас өте қарапайым адам болды деп айта аламын. Ол «Қайратқа» келгенде күннен бастап базада өмір сүріп, теледидар бөлмесінде тұрды. Біздертұратын бөлелерді тағдаған кезде, оның қарапайымдылығысоншалықты, ол өз бөлмесінің нөмірін сұрауға ұялатын еді. Мен теледидар тұратын бөлмеге кірген кезде, одан неге осында отырғаны туралы сұрадым. Ол менің өз нөмірім жоқ, сол себепті осы жерде тұрақтадым деп жауап қайтарды. Мен сол кезде жалғыз тұратынмын, сондықтан мен оны өз бөлмеме шақырдым. Содан бері біз ұзақ уақыт бойы бір бөлмеде тұрып, көрші атандық. Мені бірінші корпусқа көшіргенде де, ол менімен бірге көшті. Фанас әрқашан өте қарапайым болатын, бірақ алаңда өзге қасиеттерін көрсететін еді. Ойындар кезінде ол шұғыл мінезді болды. Кей кездері шеберлік жетіспесе, күш-қуатының арқасында соңына дейін жалғыз өзі қарсыласқа дес бермейтін еді. Сол себепті жанкүйерлер оны «мотор-бала» деп атап кеткен.
- Фанас Нагимовичті сипаттайтын қандай да бір оқиғамен бөлісе аласыз ба?
- Фанас әрқашан мейірімді және жанашыр болған, адамдарға көмектесуге ешқашан бас тартпаған. Атап айтқанда, ол үлкендерге үлкен құрметпен қарады, жасыратыны жоқ, бұны басқалар жиі қолданатын еді. Біз де тірі адамдармыз, біреу тәртіпті бұзған кезде базаға емес, Фанасқа баратын еді. Ол қонақжайлығын көрсетіп, әрқашан қонақ қабылдауға дайын болатын. Ол керемет футболшы және тамаша адам болатын. Мұндай адамдар арамыздан ерте кететіні өкінішті. Өмір әділетсіз. Менде ол туралы тек жылы естеліктер қалды. Фанасты әрқашан кіші інім ретінде қабылдаймын.
Басқа жаңалықтар