KZ
KZ RU
19 желтоқсан 2012 14:25

Маттео Трефолонидің тағайындалуына байланысты баспасөз мәслихаты:

19 желтоқсан 2012 14:25

Өздеріңіз білесіздер, өткен біріншіліктің 23-туры аясында өткен "Тобыл" - "Тараз" кездесуіндегі төрешілік алдын-ара реттестірілген деп танылған болатын. Соған байлайнысты, БАҚ өкілдерін жане отандық спорт қоғамының наразылығын тудырған шешімдер де қабылданды. Кейін солардың нәтижесінде ҚФФ Төрешілер және нұсқаушылар бөлімінің басшысы Александр Мазманьян қызметінен кетіп, оның орнына Александр Борисов келді. Біз оған тізгінді тайсалмай, қиын-қыстау кезеңде өз қолына алғаны үшін алғыс айтамыз.
 

Қазақстан футбол федерациясының ең көп сыналатын, әрі қиындығы көп қызметке лайық маманды ұзақ іздедік. Ақырында іздеген адамымызды таптық.
Бүгін сіздерге Маттео Трефоллини мырзаны таныстырмақпыз. Ол Қазақстан футбол федерациясы Төрешілер және нұсқаушылар бөлімін басқаратын болады.
Сеньор Трефолони – Италия азаматы. Еуропа футболында кеңінен танылған тұлға. Жеті жылдай ФИФА төрешісі болды. Италияның А сериясында, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында, сондай-ақ Еуропа және әлем біріншіліктерінің іріктеу додаларында төрелік етті.
Трефолинидің қаншалықты білікті төреші екенін «Милан» - «Ювентус», «Ювентус» - «Интер», «Лацио» - «Рома», «Интер» - «Рома», «Лацио» - «Ювентус» т.б. сынды ойындарда қызмет атқарғанынан-ақ байқауға болады.
Жалпы, төреші ретінде 300-дей ірі дәрежедегі ойындарда қызмет атқарыпты. ФИФА лицензиясына иелік еткен Италиядағы ең жас төреші болып саналады.

Маттеоның өзге біріншіліктерде де тәжірибесі бар. Мәселен, келісілген ойындардан, алдын-ала реттестірілген кездесулерден сақтану үшін көптеген федерациялар кейбір ойындарға шеттен төреші шақыртып жатады емес пе?! Міне, әділ рефери ретінде Трефолини Болгария, Румыния, Тунис, Катар, Сауд Арабиясы және Египет елдерінде біраз төрелік атқарған. Бұлардан бөлек, 2005 жылы Ресей футбол федерациясы да Трефолиниді "Спартак Мәскеу" - ЦСКА кездесуіне бас қазы ретінде шақырған.

Соңғы екі жылын Трефолини Италия арбитрлар қауымдастығында өткізіп, біріншіліктерге төрешілер мен нұсқаушыларды тағайындаумен айналысқан. Сондай-ақ, реферилердің маусым алдындағы дайындықтарына, олардың тәжірибеден өтіп, төрешілік білімдерін нығайтуларына жауап берген. Міне, Қазақстанда да оған осы міндеттерді жүктейміз.
 

Таңдауымыз неліктен шетелдік маманға түскеніне жауап берейін. Өйткені, бұл бағытта шетелдік маманмен жұмыс жасауда тәжірибеміз бар. Ұтқанымыз көп болды. Ресейлік Николай Левниковтың екі жылдың ішінде Қазақстан төрешілерінің деңгейін қаншалықты биікке көтергенін ұмытпаған шығарсыздар. Шетелдік төреші ешқандай жағдайда алдын-ала келісімге бармайды. Оларға жергілікті реферилер мұндай сұрақпен жақындай алмайды да.
 

Ал неліктен итальяндық дейсіздер ғой?! Себебі, Италия төрешілер мектебі — әлемдегі алдыңғы орындардың бірінде. Мұны бәрі де мойындайды. Пьерлуиджи Коллина, Роберто Розетти сынды мамандардың өзі көп нәрседен хабар беріп тұрғандай. Егер Еуропадағы клубтық додалардың финалдарына назар аударсаңыз, көп жағдайда бас төрешінің Италиядан болғанын байқайсыз. Сондықтан, біздің таңдауымыз кездейсоқтық емес. Барлығын байыппен зерделедік. Италияның төрешілері жасыл алаңда ешкімге бағынбайтын, өз істерінің нағыз мамандары.

Сеньер Трефолинидің Қазақстанда жұмыс жасауы Италия футбол федерациясымен серіктестігіміздің арқасында жүзеге асты. Маттеоны таңдауға Италиядағы серіктестеріміз бен әріптестеріміз кеңес берді. Сондықтан, халықаралық аренадағы барлық тәжірибелері Трефолинидің Қазақстанда да абыроймен жұмыс жасап, отандық төрешілердің деңгейін көтеруге септігін тигізеді деп үміттенеміз.

 

Фото - Измаил БЗАРОВ