KZ
KZ RU
17 шілде 2021 11:53

Маусым айының үздік голының авторы марапатталды

17 шілде 2021 11:53

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының маусым айының үздік голының авторын марапаттады.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 470 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қызыл-Жар» – «Астана» (18-тур) кездесуінде соғылған Юрий Бушманның нәтижелі соққысы атанды. Бушманның голына 239 (50,85 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Аталмыш жүлдені петропавлдық команданың ойыншысына ҚКФЛ спорттық директоры Павел Демян табыстады.