KZ
KZ RU
10 шілде 2019 11:21

Маусым айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

10 шілде 2019 11:21

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.

 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
Маусым айының ең үздік ойыншысы - Бауыржан Исламхан, «Қайрат»
Маусым айының ең үздік бас бапкерлері - Владимир Газзаев «Тобыл» және Стойчо Младенов «Қайсар».