KZ
KZ RU
10 қазан 2021 10:00

Маусымның үздік жартылай қорғаушысының жүлдесі Вахид Масудовтың есімімен аталады!

10 қазан 2021 10:00

Бүгін, 10 қазанда, қазақ футболының атақты ардагері Вахид Масудовқа 62 жыл толды. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Вахид Юнусовичке және оның жақындарына денсаулық пен амандық тілей отыра, келген меншікті мерекесімен құттықтайды!

Масудов Таразда дүниеге келген, жергілікті «Химик», «Хорезм», «Мелиоратор» (Қызылорда), «Қайрат», «Терек» (Грозный), «Достық» (Алматы), «Пройссен-07» (Германия), «Актюбинец», «Елімай» командаларында ойнаған. Ойыншы ретінде бірінші лига командалары арасындағы КСРО біріншілігінің турнирі, КСРО футбол федерациясының Кубогы, Қазақстан чемпионаты (1992, 1995), Қазақстан Кубогының (1992, 1995, 1996/7) жеңімпазы атанды. Қазақстан ұлттық құрамасында ойнап, команда капитаны болған.

Вахид Юнусович өз уақытының талантты ойыншыларының бірі болды. Ол жоғары деңгейлі жартылай қорғаушыға тән бірқатар қасиеттерді біріктірді -  допты жұмсақ ұстау техникасы мен өткір ақыл-ойы болды, сонымен қатар ол басқа ойыншылардан атлетика жағынан ерекшеленді. Қарсыластар Масудовтан допты тартып алу қиын екенін мойындады.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Вахид Юнусович ЦСКА–«Қайрат» (Алматы), «Тараз», «Шахтер», «Қайрат», «Восток», «Ақтөбе», «Жетісу», «Локомотив» (Астана), «Атырау», «Ордабасы», «Астана-1964», ЦСКА (Алматы), «Ақжайық», «Мақтаарал» командаларында бапкер ретінде жұмыс істеді. Қазақстан жастар және ұлттық құрамаларын жаттықтырды.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы маусымның үздік жартылай қорғаушысына Вахид Масудовтың есімін беру туралы шешім қабылдады. Осылайша, ағымдағы маусымнан бастап аталмыш марапат Вахид Масудов жүлдесі деп аталады.