KZ
KZ RU
20 ақпан 2023 11:52

«Mega Silk Way» СОО-да OLIMPBET-Суперкубогының қатысушыларының баспасөз мәслихаты мен қолтаңба-сессиялары өтеді

20 ақпан 2023 11:52

2023 жылдың 23 ақпанында «Mega Silk Way» сауда орталығында футболды танымал етуге, Қазақстан OLIMPBET-Суперкубогының ойынын жариялауға және «Астана Арена» стадионына жанкүйерлерді жинауға бағытталған үлкен іс-шара өтеді.

Аталған іс-шара аясында ойынға қатысушы командалардың бас бапкерлерінің баспасөз мәслихаты, сонымен қатар команда көшбасшыларының қолтаңба-сессиясын өткізу жоспарланған.

«Ордабасы» бас бапкерінің баспасөз мәслихаты мен команда ойыншыларының қолтаңба-сессиясының басталуы 19:30-да.  

«Астана» бас бапкерінің баспасөз мәслихаты мен команда ойыншыларының қолтаңба-сессиясы 20:30-да басталады.