KZ
KZ RU
01 қыркүйек 2023 22:56

Мейрамбек Махамбетов - ҚКФЛ атқарушы директоры

01 қыркүйек 2023 22:56
1-қыркүйектен бастап «Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы» қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры қызметіне Мейрамбек Махамбетов тағайындалды. 
 
Мейрамбек Жанболатұлының — екі жоғары білімі және спорт саласында үлкен тәжірибесі бар маман. Махамбетов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, сонымен қатар Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт, жастар мәселелері жөніндегі басқармаларында қызмет атқарды. 
 
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спорттағы және бұқаралық спортты дамытудағы мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс және Ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы болды. 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық марапаты «Құрметті спорт қызметкері» атты төсбелгісімен марапатталды. 
 
Бұрын аталмыш лауазымда қызмет атқарған Елена Ли кәсіпқой футбол лигасының штат кестесінде басқа басшылық лауазымға ауыстырылды.