KZ
KZ RU
12 қараша 2012 20:12

Михаил Гурман Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы болып сайланды

12 қараша 2012 20:12

Бірінші — Кеңес өкілдеріне ҚФФ атқару комитетінің мүшелеріне қарашаның 11-і (2012 ж.) күні қабылданған кәсіпқой футбол лигасының құрылғаны туралы шешімді жеткізу. Бұл Кәсіпқой футбол лигасы ҚР кәсіпқой футбол клубтарының додаларын ұйымдастыратын болады.
 

Екінші — Жаңа құрылымға байланысты ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, Кәсіпқой футбол лигасының (КФЛ) төрағасы сайланды. Лига кеңесінің мүшелерінің атынан бұл лауазымды қызметке ҚФФ вице-президенті Михаил Гурманның кандидатурасы ұсынылып, бәрі де Михаил Ильичті бірауыздан төраға етіп сайлады. Жаңа қызметіне байланысты Михаил Гурман Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті қызметінен кетеді. 

Михаил Гурман, Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы:

— Тәуелсіз лиганы құру идеясын бұрыннан ойластырып жүрген едік. Міне, сол кез де келіп жетті. Клубтардың менеджменті уақыт өткен сайын дамып, командалар кәсіби тұрғыдан өсуде. Бұдан әрі де дамығымыз келеді. Жемқорлықпен және келісілген кездесулермен күрес жүргізу біздің басты ұстанымымыз болып қала бермек. Ең бастысы, қазақстандық клубтардың халықаралық аренадаңы бәсекелестігін арттыру және құрама командаларымыз үшін шебер ойыншыларды дайындау.