KZ
KZ RU
14 наурыз 2013 13:38

Михаил Гурман: «Кездесулердің уақытын клубтардың өздері белгілейді»

14 наурыз 2013 13:38

— Михаил Ильич, Көптеген футбол жанкүйерлерін мына мәселе ойлантып жүр. Неліктен ел біріншілігінің екінші туры жұмыс күніне қойылған? Не үшін футбол ойындары кешке емес, жұмыс уақытында өтеді?

— Жалпы, мен өз басым, жұмыс күндері өтетін ойындардың кешкі уақытқа қойылғанын қалаймын. Сонда стадионда көрермендер көбірек болады. Өйткені, футболшылар жанкүйерлер үшін алаңға шығады емес пе?! Кездесудің уақытын белгілейтін біз емес, клубтардың өздері. Неліктен кейбір клубтардың өз ойындарын сағат 15:00-ге белгілегенін түсіне алар емеспін. Ал екінші турды жұма күніне қойғанымыздың өз себептері бар. Түсінесіздер ме, биыл ел біріншілігінде ойындардың саны артты. Оның үстіне, ұлттық құрамамыз биыл жолдастық кездесуі бар, ресми ойындар бар, барлығы алты матч өткізеді. Соған байланысты ел біріншілігінің күнкестесін құру өте қиын болды. Дегенмен, ең қолайлы кесте осы болды. Мұны Лига кеңесінде бекітіп, барлық клубтың танысып шығуына мүмкіндік бердік. Негізінен, биылғы ел біріншілігінің көптеген туры демалыс күндеріне белгіленген, тек кейбір турлар ғана жұмыс күніне сәйкес келіп қалды.

— 18-ші тур мен 21-тур аралығындағы ойындар әр турда үш-үшке бөлініп, жартысы сенбі, жартысы жексенбі күндері өтеді екен. Ел чемпионатының барлық турын осындай жүйе бойынша өткізуге болмас па еді?

— Жоғарыда айтып өткенімдей, биыл біріншілікте ойындар өте көп. Одан бөлек, төрт клубымыз еурододада өнер көрсетеді. Соған байланысты чемпионатта аздаған үзілістер мен өзгерістер болуы да ғажап емес. Өздеріңіз де білесіздер, күнкестені жасау өте қиын.
 

sports.kz