30 шілде 2013 14:40
Михаил Гурман «Шахтерге» ақ жол тіледі
30 шілде 2013 14:40
Матчтың қай қалада өтіп жатқаны маңызды емес, ең бастысы "Шахтер" тек Қарағандының ғана емес, бүкіл елдің намысын арқалауда. Сондықтан, біз — қазақстандықтар клубымызды қолдап, барынша жанкүйерлік танытуға тиіспіз. Қарсыласымыз да өте қарымды. Мұрын шүйіріп қарайтын команда емес. Алаңға менсінбей шығуға болмайды. Әзірбайжанның "Нефтчи" клубын сүріндірген ұжымнан бәрін де күтуге болады.
Дегенмен, мен "кеншілерге" сенемін! Жарқын ойын үлгісін көрсетіп, әдемі жеңіске қол жеткізеді деп сенейік, ағайын!
КФЛ төрағасы
Михаил Гурман
Басқа жаңалықтар