KZ
KZ RU
20 сәуір 2012 16:39

Михаил Гурман Шымкентте

20 сәуір 2012 16:39

Шымкентте Михаил Гурман ОҚО футбол қауымдастығының президенті сайланған алқалы жиынға да қатысты. Айта кетейік, аймақтық футбол федерациясының басшысы болып облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов сайланған болатын. Жиыннан соң михаил Ильич облыс басшылығының қолдауымен басталған облыс біріншілігінің ашылу салтанатына қатысты. Бұл біріншіліктің де маңызы зор, биылғы додаға 14 команда түсуде. Үздік ойыншылары "Қыран" мен "Ордабасы" клубтарында өнер көрсетуге мүмкіндік алатын болады. Тағы бір айта кетерлігі чемпионат 21 жасқа дейінгі жастар арасында ұйымдастырылған. Алғаш болып алаңға Сайрам және Созақ аудандарының командалары шықты.


Сондай-ақ, Гурман мен облыс әкімі Мырзахметов әйелдер арасындағы ел чемпионатының жеңімпаздары "БИІК-Қазығұрт" команждасын марапаттап, Еуропа лигасының жолдамасын табыстады.  


Бұдан бөлек Михаил Гурман облыс әкімімен ОҚО-дағы футболдың баму бағдары жөнінде кеңінен әңгімелесті. Нақты айтсақ, Қажымұқан атындағы Орталық стадионның жағдайы талқыланып, күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілу керектігі туралы айтылды. Әкім бұл бағытқа қаржы бөліп қойған екен. Енді биыл күрделі жөндеу жұмыстары басталып, болашақта стадион халықаралық матчтарды қабылдайтын жағдайға жетпек. Айта кетейік, стадионның 33 пайыз бөлігінің төбесі жабық болады.


                                                                                   



Ілияс Жолдас


"Ордабасы" ФК баспасөз хатшысы