KZ
KZ RU
21 маусым 2018 10:49

Милан Радин голы – Премьер-лиганың он төртінші турының үздігі

21 маусым 2018 10:49

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың он төртінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

Өткен турда 13 гол тіркелді. Ең нәтижелі ойын «Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасында болды. 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында жарияланған сауалнаманың қорытындысы бойынша «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Милан Радин турдың ең үздік голының авторы атанды. Ақ-қызылдардың ойыншысы айып алаңының сыртынан әдемі соққы жасап, кездесу нүктесін қойған еді. Оның голына сауалнамаға қатысқандардың 48 пайызы дауыс берді.

Үздік үштік келесідей:

1. Милан Радин голы (Ақтөбе – Ордабасы) – 48% дауыс;

2. Джамбули Джигаури (Ақтөбе – Ордабасы) – 25% дауыс;

3. Андрей Аршавин голы (Ақжайық – Қайрат) – 19% дауыс.

Милан Радин голы маусым айының үздік голы сауалнамасына қатысады.