KZ
KZ RU
18 мамыр 2018 10:31

Милан Радин голы - сәуір айының үздігі

18 мамыр 2018 10:31
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының сәуір айының үздік голы авторын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
 
Өткен айда еліміздің элиталық дивизионының командалары 58 доп соқты. Қорытынды дауыс беруге төрт үміткер кірген болатын. Премьер-лиганың төртінші турында Хрвое Милишевич голы үздік атанса, келесі турда Бактиер Зайнутдиновтің бағы жанды. Әрі қарай дауыс беру жеңімпазы болып Асланбек Кәкімов танылды. Жетінші турда ең көп дауыс жинаған Милан Радиннің голы болды. 
 
Қазақстан Кәсіпқой футол лигасының ресми сайтында тура бір апта бойы өткен сауалнаманың қорытындысы бойынша «Қызыл-Жар СК» қақпасының «тоғыздығын» дәл көздеген Милан Радиннің голына жанкүйерлердің басым бөлігі дауыс берді.  
 
Дауыс беру қорытындысы:
 
1.   Милан Радин голы (Ақтөобе – Қызыл-Жар СК 2:0) – 46% дауыс;
2.   Хрвое Милишевич голы (Ордабасы – Ақтөбе 3:1) – 35% дауыс;
3.   Бактиер Зайнутдинов голы (Астана – Қайрат 1:1) – 14% дауыс;
4.   Асланбек Кәкімов голы (Шахтер – Ақтөбе 1:1) – 5% дауыс.
 
Сәуір айының үздік добы атанған Милан Радиннің голы Чемпионат аяқталғаннан кейін өткізілетін маусымның қорытынды сауалнамасына қатысады.