KZ
KZ RU
28 ақпан 2014 22:02

Милевский "Ақтөбеге" жол тартты

28 ақпан 2014 22:02

Сонымен, Артем Милевский осы маусымды Қазақстанның ең үздік клубының сапында өткізіп, "Ақтөбеге" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуға көмектесетін болады.

Айта кетейік, өткен маусымның екінші жартысын Милевский Түркияның "Газиантепспор" командасында жалға өткізген. Ал оған дейін 11 жыл бойы Киевтің "Динамосында" ойнады. Негізі, Милевски бұған дейін де Қазақстанда болған. Нақты айтсақ, 2004 жылы Украина ұлттық құрамасымен бірге Алматыға барған.

"Артем "Динамо" сапында 87 гол соқты. Украина ұлттық құрамасында жүзге жуық ойын өткізді. Оның қаншалықты мықты екенін осыдан-ақ байқауға болады. Меніңше, Милевскидің Қазақстанға келуі ел футболына үлкен серпін береді, - UEFA.com сайтына сұхбат берген "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері Владимир Никитенко.

UEFA.com