KZ
KZ RU
14 тамыз 2023 17:39

Милич Чурчич – OLIMPBET-Чемпионаттың шілде айындағы үздік бапкері

14 тамыз 2023 17:39

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылдың шілде айындағы үздік бапкерін анықтау мақсатымен OLIMPBET-Чемпионаттың бапкерлері арасында сауалнама өткізді.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Тобылдың» бас бапкері Милич Чурчич үздік атанды. Шілде айында сербиялық бапкердің басшылығымен қостанайлық команда УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде «Хонка» мен «Базель» командаларын жеңіп, Қазақстан Кубогының финалына шықты. Сонымен қатар қостанайлықтар чемпионат аясында өткен екі ойында 6 ұпай жинады.

Чурчичке сауалнамаға қатысқан 12 бапкердің 4-і өз дауыстарын берді.

Сауалнамада екінші және үшінші орындарды «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев пен «Жетісудің» бас бапкері Асхат Қожабергенов бөлісті.

Кім кімге дауыс берді: