KZ
KZ RU
13 сәуір 2018 17:31

Милишевичтің голы – Премьер-лиганың төртінші турының үздігі

13 сәуір 2018 17:31
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың төртінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Сауалнама ҚКФЛ ресми сайтында және «Вконтакте» әлеуметтік желісінің @pflkaz тобында өткізілді.  
 
Сауалнама 5 күн өткізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Хврое Милишевичтің шымкенттік «Ордабасының» қақпасына соққан голы үздік атанды. Хорваттық ойыншыға 1362 адам дауыс берді.
 
Премьер-лиганың төртінші турының үздік үш голы:
1. Хрвое Милишевичтің голы (Ордабасы - Ақтөбе 3:1) – 1362 дауыс
2. Марат Хайруллиннің голы (Тобыл – Атырау 3:2) – 658 дауыс
3. Тимур Досмағамбетовтың голы (Ордабасы - Ақтөбе 3:1) – 203 дауыс.
 
Осылайша Хврое Милишевичтің соғылған голы сәуір айының үздік добын анықтайтын сауалнамаға қатысады. Аталған сауалнама айдың аяғында өткізіледі.