KZ
KZ RU
28 қыркүйек 2021 12:00

Мирас Тұрлыбек — Бірінші лиганың тамыз айындағы үздік ойыншысы!

28 қыркүйек 2021 12:00

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) дәстүр бойынша айдың соңында Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатымен сауалнама өткізді. 

Тамыз айының үздігі болып «Ақсу» командасының жас шабуылшысы Мирас Тұрлыбек атанды. 20-жасар ойыншы 19 ұпай жинады.

Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынға «Оқжетпес» командасының жартылай қорғаушысы Санат Жұмаханов ие болды, ол 18 ұпайға ие болды. Үшінші орынды 7 ұпайдан жинап, қой ойыншы бөлісті. Олар - «Екібастұз» командасының жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов және «Мақтаарал» командасының қақпашысы Қажымұқан Төлепберген.

Жүлдені Мирас Тұрлыбекке Бірінші лиганың 18 тур «Ақсу» - «Мақтаарал» ойынының алдында ҚКФЛ спорттық директорының орынбасары Бауыржан Сейсенбеков табыстады.

Фото «Ақсу» ФК баспасөз қызметі

Кім кімге дауыс берді: