KZ
KZ RU
25 қазан 2021 17:13

Мирас Тұрлыбек - қыркүйек айындағы Бірінші лиганың үздік ойыншысы!

25 қазан 2021 17:13

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) өткен айдың қорытындысы бойынша Бірінші лига командалары арасындағы біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатымен сауалнама өткізді.

2021 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік ойыншысы болып «Ақсу» шабуылшысы Мирас Тұрлыбек атанды. Дауыстарды біріктіру қорытындысы бойынша Павлодар футболының түлегі 15 ұпай жинады.

Екінші орында «Оқжетпестің» тәжірибелі шабуылшысы Жасұлан Молдақараев, ол 14 ұпай жинады. Үздік үштікті 13 ұпаймен «Екібастұз» командасының жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов қорытындылады.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жаңа идеяны жүзеге асыруда. Айдың қорытындысы бойынша номинация иегерлерін қазақ футболының ардагерлері марапаттайды.

Аталмыш марапатты Бірінші лиганың 21-турының «Ақсу» - «Оқжетпес» ойынының алдында Мирас Тұрлыбекке отандық футболға еңбегі сіңген ардагер Ойрат Батайұлы Садуов табыс етті. 60-жасар Садуов - ойыншы және бапкерлік мансабы бай ардагер. Ол ойыншы ретінде екі рет Қазақстан чемпионы атанды (1993, 1997), екі рет жарыстың күміс медалін жеңіп алды (1994, 1996) және екі рет турнирдің қола жүлдегері атанды (1992, 1998). 1997 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының үздік оң қаптал қорғаушысы болып танылды. Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады. Бапкер ретінде 2008 жылғы Қазақстан Чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Сонымен қатар, спорт функционері рөлінде отандық футболдың дамуына үлес қосты.

- Мирас — біздің футбол орталығымыздың түлегі, ол менің көз алдымда өсті. Осы маусымнан бастап Мираста прогресс көрінді. Көктемде Тұрлыбек бастапқы құрамға үміткер емес еді, ал қазірол — үздік сұрмерген және маусымның ең мықты ойыншыларының бірі. Егер ол өзіне қойылатын талаптарды төмендетпесе және алға жылжуды жалғастырса, ол шынымен де жақсы ойыншыға айналады. «Ақсуға» келетін болсақ, команда маусымның басында қиындықтарға тап болды, бірақ олар Біріншілік барысында қоса бастады. Менің ойымша, команда маусымға қойылған тапсырманы орындады, сонымен қатар олар Бірінші лигада алғашқы жыл ойнағанын айта кету керек. Егер «Ақсу» маусым қорытындысы бойынша бірінші орын алса, бұл өте керемет нәтиже болады, - деді Ойрат Садуов. 

Фото - «Ақсу» ФК баспасөз қызметі

Кім кімге дауыс берді: