KZ
KZ RU
25 қараша 2013 20:04

Өмірден жас футболшы өтті…

25 қараша 2013 20:04

Ол небәрі 20 жаста еді. Кәсіпқой футболға енді ғана аяқ басып жатқан. Өте дарынды, болашағынан мол үміт күттіретін футболшы болатын. Асқақ армандарының жолында еш аянған жоқ. Алдына жоғары мақсаттар қоя білді. Бірақ... Сұм ажал Мақсатты арамыздан тым ерте алып кете барды. Мақсат Отарбаев жол апатынан қайтыс болды.
 

Кәсіпқой футбол лигасы марқұмның жақындарының, туыс, бауырларының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Біз де сіздермен бірге қайғы жұтып қалдық…