KZ
KZ RU
14 сәуір 2017 09:57

Младенов – наурыз айының үздік бапкері, Байжанов – үздік ойыншысы

14 сәуір 2017 09:57

Үздіктерді анықтау үшін Чемпионатқа қатысушы клубтардың бас бапкерлері дауыс береді. Олар өз пікірлері бойынша ай ішінде үздік ретінде санайтын әріптесті және үш ойыншыны атайды.

Содан кейін жиналған балдардың саны есептеледі.

Наурыз айының үздік үш ойыншылары:

1. Мақсат Байжанов («Қайсар») – 13 балл.

2. Таңат Нөсербаев («Ордабасы») – 11 балл.

3. Алексей Щеткин («Тобыл») – 6 балл.

Премьер-Лигадағы наурыз айының үздік бапкері – Стойчо Младенов («Қайсар»). Қызылордалықтардың жаттықтырушысы 9 ұпай жинап, қарсыластарын артта қалдырды.

Естелік сыйақылар жеңімпаздарға сәуірдің 16 күні өтетін «Қайсар» мен «Ертіс» арасындағы ойында беріледі.

Айта кетейік, үздік бапкер мен ойыншыларға дауыс беру ай сайын Бірінші және Екінші Лигаларда да өткізілмек.