KZ
KZ RU
06 сәуір 2021 20:18

Мырзакент және Қаратау стадиондарында ойындарды өткізуге тыйым салынды

06 сәуір 2021 20:18

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Мырзакент ауылында орналасқан Мұнайтпасов атындағы стадионда және Қаратау қаласындағы «Орталық» стадионыда Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің және Қазақстан Кубогының ресми ойындарын өткізуге тыйым салынғаны туралы хабарлайды.

Тексеру барысында аталмыш стадиондарда төсеніштердің жаңа маусымға дайын еместігі анықталды. Қысқа уақыт ішінде барлық кемшіліктерді жойып, алаңдарды талаптарға сай сапаға жеткізуге кеңес берілді.   

ҚКФЛ спорттық директорының орынбасары Бауыржан Сейсенбеков іссапар нәтижесімен бөлісті:

- Қаратау және Мырзакентте орналасқан стадиондар Бірінші лига командалары арасындағы маусымға дайын емес. Аталмыш елді мекендерде орналасқан стадиондардың төсеніштерін талаптарға сай сапаға жеткізу жұмыстарын жүргізу қажет. Стадиондарда ойнайтын клуб және стадион басшыларына кемшіліктерді жоюға кеңес берілді. Айтылған ескертулерге құлақ асып, барлық кемшіліктер жойылса, қысқа уақыт ішінде аталмыш спорттық ареналар ресми ойындарды қабылдауға рұқсат алатынына үміттімін.