KZ
KZ RU
21 қараша 2018 14:48

Нұралы Әліп: «Қазақстан Кубогын бірліктің арқасында жеңіп алуға күш жетеді»

21 қараша 2018 14:48

 Жас футболшыларға артылған сенім кейде үмітті ақтап жатады. Соның бірі әр ойын сайын жақсы қырынан танылып жүрген «Қайрат» қорғаушысы Нұралы Әліп. Жас футболшыға тек алматылық клуб емес, еліміздің бас құрамасы да үлкен сенім артады.

- Финал жолына баға беріп өтсеңіз?
 
- Әрине, оңай болған жоқ. «Қайраттың» биылғы маусымда Кубок ойындарын қазақстандық футболшылармен ойнап жатқанын барлығы біледі. Жастарға берілген үлкен мүмкіндік. Финалға дейін сүрінбей жеттік. Ең маңызды ойын күтіп тұр. Жас футболшылардан құралғанына қарамастан, мықты команда екенімізді дәледеуіміз қажет.
 
- Қай ойын есте қалды?
 
- Шымкентте өткен ойын. «Ордабасымен» ойнадық. Есеп ашып, ойынның соңына дейін күрестік. Барлық күшімізді сарқуға тура келді. Кездесу қорытындысы бойынша келесі айналымға өттік.
 
- Қарсылас туралы ойыңыз?
 
- Финалда әлсіз қарсылас болмайды. «Атырау» шешуші сынға дейін жетті. Яғни, қарсыластың мықты екенін мойындау керек. Маусымда бірнеше рет кездестік. Әр ойынның қиынға түскені анық.
 
- «Қайрат» финалда қалай табысқа жете алады?
 
- Қиын кездесу болмақ. «Қайрат» екінші жыл қатарынан финалда «Атыраумен» жолығып тұр. Өткен финал оңайға түспеді. Қазақстан Кубогын бірліктің арқасында жеңіп алуға күш жетеді деп санаймын.
 
- 18 жасыңызда еліміздің бас құрамасында ойнап үлгердіңіз... Бұл жетістік құпиясы неде?
 
- Бұл сұраққа мен жауап бере алмаймын. Команданың жаттықтырушыларына алғыс айтамын. Негізгі құрамға тартып, кәсіби өсуімен жол ашты. Ұлттық құраманың намысын қорғау – үлкен абырой!