KZ
KZ RU
13 маусым 2011 11:17

Нұрбол Жұмасқалиев – «Астананың» мамырдағы үздік ойыншысы

13 маусым 2011 11:17

Дауыс санау бойынша бірінші орынды команда капитаны Нұрбол Жұмасқалиев иемденді. Нұрбол мамыр айында үздікке тән ойын көрсетті, ешқандай гол соқпаса да, бұрынғы клубы – қостанайлық «Тобылға» қарсы матчта үш голдың пасын шығарып берген.
Екінші орынға екі-ақ дауыс айырмашылығымен «Астаналық» жартылай қорғаушы Михаил Рожков орналасты. Осы ойыншының арқасында мамыр айында «Астана» өткізген екі матчта қақпасына гол өткізбеді. Михаил командаға қорғаныс жағынан ғана емес, шабуыл жағынан да көмектесіп,  3:1 есебімен «қалалықтардың» пайдасына шешілген «Астана»-«Тобыл» матчының алғашқы голын баспен соғып салған еді.
Үздіктер үштігін құрамаға шақыру алған Марат Шахметов бекітті. Қостанайда өткен 1:0 есебімен астаналықтар еншісіне жазылған матч тағдырын Мараттың дәл соққысы шешіп, командаға үш ұпай алып берген болатын.
Төртінші орынға «Астананың» сербиялық голкипері нық орналасты. Ненад Эрич осы маусымда жеті матчта гол өткізбесе, оның екеуі мамыр айында өткен болатын. 
Бесінші орынды жартылай қорғаушы Ұлан Қонысбаев пен шабуылшы Игорь Бугаев бөлісті. Екеуі де «Тобыл» қақпасына бір-бірден гол соққан. Айта кетерлігі бұл гол Бугаевтің Қазақстан чемпионатының осы маусымындағы алғашқы голы.

2011 мамырындағы команданың үздік ойыншысы:
1. Нұрбол Жұмасқалиев 25.67% (96 дауыс)
2. Михаил Рожков 25.13% (94 дауыс)
3. Марат Шахметов 9.09% (34 дауыс)
4. Ненад Эрич 7.49% (28 дауыс)
5. Ұлан Қонысбаев 6.95% ( 26 дауыс)
6. Игорь Бугаев 6.95% (26 дауыс)

fca.kz