KZ
KZ RU
21 қараша 2011 14:53

Нұрбол Жұмасқалиев «Астананың» үздік пас шығарушысы

21 қараша 2011 14:53

Бұл маусымда Нұрбол Жұмасқалиев серіктеріне голға пас шығарып берген ойыншылардың арасында үздік атанып отыр, оның еншісінде 13 пас. Оның дәл пастарынан жапа шеккен, көбінесе, қостанайлық «Тобыл» және қызылордалық «Қайсар» командалары, әрқайсысы үш үштен гол жіберген. Алматылық «Қайрат» та екі рет өткір пасын қайтара алмаған. Премьер-Лиганың сегіз командасына «Астана» Жұмасқалиевтің нәтижелі пастарынан соң, гол салған. 
Нұрболдың голдық пастарын талдай келе, оның алаңда ойлау қабілетінің ұшқырылығын айтпай кетуге болмайды. «Астананың» тоғыз футболшысы оның пастарынан кейін гол соққан.  Нұрболдың өзін есептемегенде, барлығы он бір ойыншы гол салған. Нұрболдың пастарынан соң ерекше көзге түскен Драган Богавац - 3. Екі реттен - Игорь Бугаев пен Таңат Нөсербаев.
Нәтижелі пастар жөнінен екінші орынды Драган Богавац иеленеді - 8. Ал үшінші орынға шабуылшы Игорь Бугаев орналасты - 7. Бұлардан соң тізімде Зауырбек Плиев - 6, Марат Шахметов - 5, Пірәлі Әлиев - 4, Қайрат Нұрдәулетов - 4, Таңат Нөсербаев - 4, Марк Гурман - 3, Максим Азовский - 2, Андрей Карпович - 2, Ұлан Қонысбаев - 2, Дмитрий Шомко - 2, Боби Божиновски - 1, Анатолий Дорош - 1, Александр Киров - 1, Михаил Рожковтың – 1 фамилиялары орналасқан.

Бір маусым бойынша рекорд жасаған, еншісінде 19 голдық пасы бар Андрея Тихоновтың алдына ешкім шыға қоймады (2009 жыл маусымы). Бір маусым бойынша голдық пас шығарудан үздіктердің бестігі төмендегідей:


1. Андрей Тихонов (2009) - 19
2. Егор Титов (2009) - 16
3-4. Валерий Андроник (2010) - 13
3-4. Нұрбол Жұмасқалиев (2011) - 13
5-6. Жамбыл Көкеев (2009) - 9
5-6. Максим Шацких (2009) - 9


Андрей Тихонов (19) и Егор Титов (16) остаются лидерами «Астаны» по голевым передачам за все годы. К ним сумел приблизиться Игорь Бугаев, на счету которого за два сезона теперь 15 передач. Также в десятку лучших распасовщиков в истории «Астаны» входят: 4-7. Валерий Андроник - 13, Нурбол Жумаскалиев - 13, Жамбыл Кукеев - 13, Марат Шахметов - 13, 8. Максим Шацких - 9, 9-10. Драган Богавац - 8, Роман Пахолюк - 8.




fca.kz