KZ
KZ RU
12 қыркүйек 2011 15:13

Нұрбол Жұмаскалиев «Астана» бомбардирлерінің арасында 3-орынға шықты

12 қыркүйек 2011 15:13

Ол «гол + пас» жүйесінде 21 (9+12) ұпай жинап, бомбардирлер тізімінде Егор Титовты озып кетті. Оның алдында тек 30 ұпайы (15+15) бар Игорь Бугаев пен Андрей Тихонов — 29 (12+17) қана бар.
Нұрбол барлық ұпайын бір маусым бойында жинаған. Оның қатысуымен «Астана» талдықорғандық «Жетісудан» басқа Премьер-Лиганың барлық командаларына гол соқты. Айта кетейік, «Жетісумен» кездесу Астана қаласында, 24 қыркүйекте өтеді.
Жұмасқалиевтен әбден «таяқ жеген» қызылордалық «Қайсар» болды. Осы командамен ойында Нұрболдың еншісіне 6 ұпай (3+3) жазылды. 4 ұпай (2+2) «Астана» вице-капитанының қоржысына «Қайратқа» қарсы матчта құйылған. Ал өзінің бұрынғы командасы қостанайлық «Тобылға» қарсы матчта Нұрбол тағы 3 ұпайға (0+3) қол жеткізді.

 

fca.kz