KZ
KZ RU
14 қыркүйек 2023 12:30

Нұрдәулет Әмірбек - Екінші Лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының тамыз айындағы үздік ойыншысы

14 қыркүйек 2023 12:30
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.
 
Сауалнама қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс конференциясының үздік ойыншысы «Қайсар» жастар командасының шабуылшысы Нұрдәулет Әмірбек атанды.
 
Екінші орынды «Іле-Сәулет» командасының шабуылшысы Вячеслав Сердюков иеленді. Үздік үштікті «Қайсар» жастар командасының жартылай қорғаушысы Саят Бақтыбай жауып тастады.