KZ
KZ RU
28 мамыр 2012 21:33

Нұрлан Ұранхаев — Қызылорда облыстық футбол федерациясының жаңа президенті

28 мамыр 2012 21:33

28 мамырда Қызылорда қаласының "Номад-Палас" қонақүйінің мәслихат залында облыстық футбол федерациясының есептік-сайлау мәслихаты өтті. Бұл жиынға "Қайсар" футбол клубының өкілдері, облыстық спорт комитетінің қызметкерлері төрешілер мен нұсқаушылар және футбол ардагерлері шақырылды.

 

Жұмысының тығыздығына байланысты бұрынғы президент Сабырбаев Марат Халмұратұлы қызметінен босап, оның орнына облыс әкімінің орынбасары Ұранхаев Нұрлан Телманұлы сайланды. Кезінде өзі де доп тепкен, сондай-ақ футбол командаларында басшылық қызметте де болған.
 

Сонымен қатар, мәслихат барысында вице-президент қызметіне асқар Махамбетов, атқарушы директор қызметіне Асқар Сереков бекітіліп, федерацияның өзге де комитеттерінің басшылары анықталды. Мәслихат жұмысына ҚФФ-тың вице-президенті Михаил Гурман да қатысып, атқарылған жұмыстар үшін аймақтық футболдың экс-басшысына шын жүректен алғыс білдірді. Сондай-ақ, жаңа басшыға табыс тілеп, қайта сайланған атқару комитетін құттықтады.