KZ
KZ RU
13 сәуір 2021 10:00

Наурыз айының үздік голының авторы марапатталды

13 сәуір 2021 10:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының наурыз айының үздік голының авторын марапаттады.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 6 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 2344 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша ең үздік болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Тұран» – «Астана» (1-тур) кездесуінде соғылған Абзал Бейсебековтың тамаша голы атанды. Елордалық ұжым капитанының голына 928 (39,59 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Аталмыш жүлдені елордалық команданың капитанына ҚКФЛ спорттық директоры Павел Демян табыстады.