08 сәуір 2019 11:47
![](/upload/resize_cache/iblock/348/1500_9999_1/y8hdxdy3pvu3a4fvb8wbs053uyoi3ta4.jpg)
Наурыз айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды
08 сәуір 2019 11:47
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
Сауалнама нәтижелері келесідей:
Наурыз айының ең үздік ойыншысы - Марин Томасов, «Астана»
Наурыз айының ең үздік бас бапкері - Роман Григорчук, «Астана»
![](/upload/old_files/userfiles/лучшие игрок и тренер премьер-лига март 2019.png)
Басқа жаңалықтар