KZ
KZ RU
14 сәуір 2018 20:19

Наурыз айының үздіктері марапатталды

14 сәуір 2018 20:19
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы наурыз айында үздік атанған бас бапкер мен ойыншыны марапаттады.
 
Марапаттау рәсімі Қазақстан Чемпионатының 5 турының негізгі ойыны - "Астана"-"Қайрат" кездесуінің алдында өтті.
 
Өткен айдың үздік бас бапкері атанған "Астана" футбол клубының жаттықтырушысына - Григорий Бабаянға - арнайы жүлдені Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин сыйлады, ал айдың үздік ойыншысы, елордалық команданың көшбасшысы Марин Томасовқа, сыйды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев табыстады.