KZ
KZ RU
03 наурыз 2017 16:06

Ненад Эрич: «Астана» капитаны болу - үлкен мәртебе»

03 наурыз 2017 16:06

 

Бізді қызықты әрі қиын ойын күтіп тұр. «Қайрат» командасы өте жақсы команда. Команданың бас бапкері, ойыншылары өз істерінің нағыз шеберлері. Ең бастысы ертең ауа-райы жақсы ойын көрсетуге, футбол ойнауға қолайлы болса болды. Біз барымызды салуға дайынбыз.

- Ненад, қақпашы ретінде «Қайрат» сапындағы қай ойыншыдан көбірек сақтанасыз?

-  «Қайрат» командасының шабуыл шебінде ойнайтын барлық ойыншылар өте мықты. Исламхан, Аршавин, Исаел, Гоу... Бұл ойыншылар жалпы маусым бойында көп гол соғып жүрген ойыншылар. Сондықтан әрқайсысынан қауіп күтуге болады. Ертеңгі ойын кімнің мықты екенін дәлелдеуге тағы бір мүмкіндік.

-  «Астана» командасының жаңа маусымдағы капитаны болу сізге қаншалықты маңызды?

-  Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Чемпиондар Лигасы мен Европа Лигасының топтық кезеңінде ойнаған ұжымның капитаны болу – үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік. Клуб басшылығы мен команда бапкерлері, ойыншылары, жанкүйерлері артқан сенімді ақтап, командамды алғи да алға жетелейтін боламын.

-  Қазақстан Чемпионатындағы ең қауіпті шабуылшыны атай аласыз ба?

-  Мен сізге екі ойыншыны айтайын. Бірі – Жерар Гоу, екіншісі – Джуниор Кабананга.

"Астана" баспасөз қызметі